Бейсенбі, 15 Наурыз 2018   |   2007 рет оқылды

Өкіл имам ДМЗО директоры Камалов Бакытжанды қабылдады

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Камалов Бақытжан бастаған орталық қызметкерлері ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының қабылдауында болып, жақында тағайындалған басшылық қызметімен құттықтай келді.

Келелі кездесу барысында, өкіл имам келген қонақтарға 2018 жылға арналған жоспардың басты бастамаларын айқындай отырып, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жақында ғана ашылған отбасы мәселелері бойынша «Кеңес беру орталығын» таныстырып, орталықтың негізгі мақсаты мен функциясын түсіндірді. Және де мешіт ішінен кітапхана ашу үшін жамағатқа арналған оқырман залын жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Бақытжан Жарылқасынұлы өкіл имамға басшылық қызметін абыроймен атқаратынына сенім білдірді және игі бастамаларына сәттілік тілеп, ынтымақтастықты қолдайтынын жеткізді.

Сұхбат соныңда, жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттыру арқылы, өңірлік діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау жолында бірлесе жұмыс жасау жөнінде сөз қозғалып, екіжақты ұсыныстар жасалды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы