Жұма, 16 Наурыз 2018   |   1954 рет оқылды

Өкіл имам "Ислам және отбасы" жылы аясында "Дін мен діл" бағдарламасына сұхбат берді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек қажы Ұласқанұлы «Qyzylorda» телеарнасының «Дін мен діл» бағдарламасына «Ислам және отбасы жылы» аясында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында, отбасы құндылықтарын қайта жаңғыртудың маңызы турасында сөз қозғалып, исламдағы отбасының орны, бабалар өнегесі, дәстүрлі тәрбие мектебі, ажырасудың себептері және алдын алу жолдары секілді өзекті мәселелер талқыланды.

«Алла Тағала Ниса сүресінің 1-аятында: «Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан (болмыс бітімі өзіне ұқсайтын) жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар» деп, ер мен әйел болып өмір сүру, үйленіп ұрпақ сүю табиғи заңдылық екенін білдірген.

Отбасы – болашақ ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп.

Отан – отбасыдан басталады демекші, мемлекетіміздің іргесі берік, келешегі кемел болуы үшін шағын мемлекеттердің маңызы зор.

«Отбасы бақыты – ұлт бақыты» демекші, жанұя жарастығын сақтау, жастарды осы тақырыптағы Ислам құндылықтарымен таныстыру, шаңырақ көтерудің мәнін түсіндіру, ерлі-зайыптылардың сыйластығының негіздерін ашып көрсету, ақ некенің қадірін ұқтыру, осы тұрғыда дұрыс бағыт-бағдар беру – қазіргі күнгі ең өзекті мәселелердің бірі» - деді Болатбек қажы Ұласқанұлы.

Сондай-ақ, өкіл имам Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының төрағалығымен бекітілген "Ислам және отбасы" жылы аясында өңірімізде атқарылатын біршама бастамалар жөнінде сөз етіп, Бас мүфтидің тапсырмасымен Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ашылған отбасы мәселелері бойынша «Кеңес беру орталығының» жас отбасыларға бағыт-бағдар беруде қосар үлесі көп екенін жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы