Жұма, 16 Наурыз 2018   |   3198 рет оқылды

Байқоңыр қаласына жаңа имам тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 15.03.2018 ж. №445 бұйрығымен Ақбаев Алишер Сабитұлы Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы қызметінен босатылып, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күнінде, Қармақшы ауданы, Төретам кентіне арнайы іс-сапармен келген, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы, ҚР Президентінің «Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Б.Бекпанов орынбасары М.Демесінов, облыс депутаттары К.Үйреков, М.Есжанов, кент әкімі Ш.Сүйембетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Арықов және ақсақалдар қауымы дастарқан басында бас қосып, аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтаудың өзектілігін талқылады. Өкіл имам өңірдің өркендеп көркеюіне үлес қосып жатқан азаматтарға екі ел татулығын баянды етуде Байқоңыр қаласының рөлі ерекше екенін айқындай отырып, алғысын білдірді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық кодты сақтау үшін, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 2018 жылды «Ислам және отбасы» жылы етіп жариялаудағы мақсаты мен маңызы жайында түсіндіріп, жұмыла жұмыс жасауға үндеді. Ризалышықтарын білдірген жиналған қауым Болатбек қажыға баталарын беріп, жаңа имамға қолдау-көмек көрсететіндіктерін жеткізді.

Бұдан кейін, жұма намазына жиналған жамағатқа Қармақшы ауданы, Төретам кенті, «Жәрімбет ата» мешітінің бас имам қызметіне тағайындалған жаңа имамды таныстырып, жауапты қызметте табыс тіледі. Осы уақытқа дейін аталмыш қызметті абыроймен атқарған Құрманбаев Дастанға алғысын білдірді. Мешіт жамағатына жұма уағызын айтып, жұма намазын  өткізгеннен кейін жамағатпен бірге ел бірлігі мен амандығы үшін дұға етті.

Сондай-ақ, «Жәрімбет ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мешітті аралап, қызметкерлермен кездесті. Мешіттегі барлық бағыттардың және «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстарын пысықтап, жоспарлы түрде қарқынды жүзеге асырылуын тапсырды. Мешіт қызметкерліне жаңа басшылары Ақбаев Алишерді таныстырып, дін жолында ауызбіршілікпен абыройлы қызмет етуге шақырды.

         Ақбаев Алишер Сабитұлы – 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі:

2004-2008 жж. кәсіптік орта Астана қаласы, «Транспорт және коммуникациялар» колледжі;

Мамандығы: Техник-механик;

2011-2015 жж. жоғары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті;

Мамандығы: Исламтанушы;

2017 ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының екі айлық курсында білімін жетілдірген.

Еңбек жолы:

2015-2018 жж. Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде найб имамдық қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеген.

2018 жылдың 15 наурызынан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Үйленген.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы