Жұма, 30 Наурыз 2018   |   1028 рет оқылды

Дәстүрге айналған ауызашар Ережеп айында да жалғасын табуда

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт жамағатының бірлігін арттыру мақсатында, әр аптаның бейсенбі күні тұрақты түрде дастарқан жайып, ауызашар жасау дәстүрге айналған еді.

Бұл жолы да, мешіт жанындағы асханада Ережеп айының құрметіне жайылған дастарқан басында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы «Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан және Рамазан» тақырыбында уағыз айтып, сауаптар еселенетін құлшылық айларының қадір-қасиетін түсіндірді.

Ауызашарға қатысқан жамағат тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан игі шара үшін мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы