Сейсенбі, 03 Сәуір 2018   |   690 рет оқылды

Облыс әкімі атынан студенттерге ас берілді (ФОТО)

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың атынан "Нұр-Мүбарак" университетінде білім алушы  80-ге жуық студенттерге дастархан жайылды. ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Абуов  студенттердің басын қосып, облыс басшысының  жастарға деген  жылы лебізін, сенімін, білім алып, елге қызмет етуге қатысты аманатын жеткізді. 
Сыр өңірінде дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар, облыс басшылығы тарапынан имамдарға жасалып жатқан қолдау тұрақты қолға алынған игі шара.

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының  ата дінімізге қатысты жасап жатқан қолдауы аймақтағы діни тұрақтылықты сақтап,  жат діни ағымдарға қарсы тұруда үлкен нәтиже беруде. Сондықтан бұл тәжірибе өзге облыстарды да қызықтырып, олардың да студенттерге демеу жасап, жас мамандарға қолдау көрсетуі  ҚМДБ-ның да қызметіне құрмет екені рас , - деді өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы.

Студенттер үшін ел ағаларының осындай қамқорлығы үміттерін үкілеп, талаптарына қанат бітіргендей. Олар да жазғы  маусымда, өндірістік тәжірибе уақыттарын туған жерге барып қызмет етуге деген талпынысын арттыра түскендей.

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария"
мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы