Жұма, 06 Сәуір 2018   |   766 рет оқылды

Өкіл имам хатым дұғасын жасады (ФОТО)

Ережеп айының берекелі бейсенбісінде ауыз бекіткен жамағатқа арналып жасалған дәстүрлі ауызашарға ҚМДБ-ның өңір бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев қатысып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша «Жастар ісі секторының» үйлестірушісі Қ.Отызбаев «Аср» сүресінің тәпсіріне негізделген уағызында түрлі мәселелерді жан-жақты түсіндіріп берді.

Бұдан соң, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде құптан намазынан кейін жамағатпен бірге хатым Құран оқылып, дұға жасалды. Өңірлік өкіл, орталық мешіттің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы оқылған хатым сауабын күллі мүмін мұсылман марқұмдарға арнайылап бағыштады. Сонымен қатар, елдің амандығы, халықтың береке-бірлігі үшін дұға етті. Айта кетейік, хатым Құранды мешіт шəкірттері оқыған.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы