Сәрсенбі, 02 Мамыр 2018   |   1354 рет оқылды

«Діни экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым» (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілідігі мен Облыстық ішкі саясат басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бірлесуімен ұйымдастырылып жатқан «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбындағы кезекті аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция Шиелі ауданында да өткізілді.

Конференцияға ауданға қарасты кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, АІІБ-нің қызметкерлері (учаскалық және ювеналдық полицейлер), мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері, тұрғындар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов, облыстық ішкі саясат басқармасынң басшысы А.Қайруллаев, доцент, философия ғылымдарының PhD докторы Е.Бекбосынов,  Дінтану ғылымдарының магистрі, АТТ мүшесі Ә.Жаппасбаев аталмыш тақырып төңірегінде баяндамалар оқып, өзекті мәселенің түйінін талқылады.

«Діни экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым», «Діни төзімділіктің Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудағы рөлі» тақырыптарында баяндама жасаған өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы:

«Тарих сахнасында көрініс тапқан жат ағымдардың жаңсақ идеологияларына қарсы тұрудағы басты құрал – ғылым мен білім екеніне көз жеткіземіз. Бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ жерімізді жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа бейбітшілік заманын мұра қылып қалдырған еді. Алайда, бүгінгі жас ұрпақтың елді қорғаудағы бірден-бір жолы ол – ғылым мен тағылым. Сондықтан да бүгіндегі еліміздің тыныштығын сақтаудағы басты құралымыз – діни ахуалдармен таныс болу, яғни ақ пен қараны ажырату арқылы – дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдарын меңгеру» - деп,   қазіргі уақыттағы дін ұстанушылардың қателіктері мен діни экстремизмнің алдын алу жолдарын айшықтап, түсіндіріп берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы