Жұма, 04 Мамыр 2018   |   1206 рет оқылды

Өкіл имам Төреғали Төреәліні қабылдады (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы эстрада әншісі Төреғали Төреәліні қабылдап, батасын берді.

 

Әнші Өкіл имамды жаңа қызметімен құттықтап, «Ислам және отбасы» жылында жоспарлап жатқан бастамаларына сәттілік тілей келе, аталмыш жыл аясында қоғамға өз үлесін қосатынын жеткізді.

 

Қасиетті жұма күні Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне арнайы ат басын бұрған жас әнші-ақын жамағатпен бірге бір сапта намаз оқып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.

 

Бас имам келген қонақтарды мешіт сәулетімен таныстырып, ізгі тілек білдіре келген ақ ниетіне алғыс ретінде, арнайы сый-сияпатын ұсынды.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы