Жұма, 04 Мамыр 2018   |   1365 рет оқылды

«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Абуов Болатбектің тапсырмасымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қайырымдылық акциясы болып өтті.

«Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораздың бастамасымен биылғы жыл - «Ислам және отбасы» жылы болып бекітіліп, республика көлемінде түрлі шаралар өткізу тапсырылған еді. Аталмыш жыл аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы бұнымен тоқтамақ емес. Алла Тағала баршаңыздың жанұяңызға береке-бірлік берсін! Келе жатқан Рамазан айы мүбарак болсын! - деді, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы.

Қасиетті жұма күні өткізілген қайырымдылық шарасында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, көмек алған мұқтаж жандар өкіл имамға алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы