Сәрсенбі, 09 Мамыр 2018   |   653 рет оқылды

ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған Жастар ісі секторының жетекшісі Н.Керімбеков, «Шын жүректен» еріктілер тобы Қызылорда қаласындағы "Атамекен" отбасылық үлгідегі балалар ауылында мерекелік кештің қадірлі қонағы болды.

Аталмыш кеште тәрбиеленуші балалар бірінен бірі өтіп, өз өнерлерін көрсетті. Бас имам Болатбек Ұласқанұлы исламдағы бала тəрбиесі, отбасы құндылығы, жақсылықта жаршы болу жайында насихат айтып, балалар ауылының ұжымына алғысын білдірді. Балапандарға әрдайым тілекші екенін жеткізді.

Игі шараға өздерінің шашуын алып келген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және өкілдік жанынан құрылған «Шын жүректен» еріктілер тобы балаларға жас ерекшеліктеріне қарай 9 велосипед, 14 волейбол-баскетбол доптары, теннис ракеткалары мен скакалкаларды тарту етті.

Өңірдің Жастар ісі секторының жетекшісі, "Айтбай" мешітінің бас имамы Н.Керімбеков игі шараға қолдау көрсеткен барша демеушілерге ризашылығын білдіріп өтті. Сондай-ақ, шара соңында "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы атынан қайырымды жандардан құралған "Шын жүректен" ерікті топ өкілдеріне "Алғыс хат" табысталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы