Бейсенбі, 10 Мамыр 2018   |   1182 рет оқылды

Сансызбай Құрбанұлы Сыр елінде сапарда (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының Сыр еліндегі сапары қалалық мешіттердің жамағаттарымен жүздесуден бастау алды.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткен кездесу барысында, Сансызбай қажы «Айлардың сұлтаны - Рамазан» тақырыбында айтқан уағызында шарапаты мол айдың қадір қасиетіне тоқталып, ораза ұстаған жанның Алла алдындағы дәрежесі, оразаның шарттары мен түрлері, оразаны бұзатын жағдайлар мен бұзбайтын жағдайлар жайлы түсіндіріп, жамағаттың көкейінде жүрген оразаға қатысты және өзге де сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Сонымен қатар, «Ауызбіршілік», «Басшыға бағыну» жөнінде насихат айтып, алауыздықтан сақ болуға шақырды. Ақшам және құптан намаздарын жамағатпен бірге оқып, берекелі ұрпақтың баянды болашағы мен ел амандығы үшін, бейбіт өмірдің тұрақтылығы үшін дұға жасады.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы