Жұма, 11 Мамыр 2018   |   1068 рет оқылды

Өкіл имам Сырдария ауданында (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлының аймақтағы мешіттердің ахуалымен танысу сапары Сырдария ауданында жалғасын тапты.

Бас имам аудан әкімі Ғ.Қазантаевпен кездесіп, аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтау  шаралары, ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың жаңа бастамалары мен өкілдіктің жоспарлары жөнінде сөз қозғап, ұсыныстар жасады.

Бұдан кейін,   «Ислам және отбасы» жылы аясында ұйымдастырылған семинарға қатысып, мектеп оқушыларына «Ата-ана разылығы», «Білім алудың маңыздылығы» тақырыптарында насихат айтты.

Мешіттер мен қызметкерлерінің жағдайымен танысу мақсатында аудандағы имам-молдалардың жиынын өткізіп, Бас мүфтидің бастамаларын тілге тиек ете отырып, мақсатын ашықтап түсіндірді. Адам өзгеге өнеге болу үшін, өзгеруді өзінен бастау керектігін жеткізіп, ҚМДБ төрағасының «Өзгеруді өзіңнен баста» үндеуі арқылы қоғамдағы үлгілі тұлға эталонына айналуға шақырды. Аудан көлемінде атқарылуы тиіс жоспарлы шараларды пысықтап, жүйелі түрде жүзеге асырылуын, мешіттерде отбасылық мәселелер бойынша «Кеңес беру орталығының» ашылуын тапсырды.

Сонымен қатар, Жеңістің 73 жылдығына орай, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестіріп, ризашылықтарын алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы