Сейсенбі, 15 Мамыр 2018   |   409 рет оқылды

Аудандарды аралау сапары сәтті аяқталды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлының облысқа қарасты аймақтық мешіттермен танысу сапары Қармақшы ауданымен аяқталды.
Сапар барысында, алдымен аудан әкімі С.Мақашовпен кездескен Бас имам өңірдегі діни ахуал мен өзектілікті талқылап, тұрақтылықты сақтау үшін ұсыныстарын жасады.
Бұдан кейін, ауданға қарасты имам-молдалардың қатысуымен өткен жиында келе жатқан қасиетті айды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылуын, өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарауларын тапсырды.
Сонымен қатар, "Қош келдің, Рамазан!" атты рухани кешке қатысып, аудан тұрғындарымен жүздесті, кеш қонақтарына келе жатқан қасиетті айдың қадірі мен ораза ұстаушы адамның Алла алдындағы дәрежесін айқындап, насихат айтты. Мүбарак Рамазан айымен құттықтады.
Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы