Сейсенбі, 15 Мамыр 2018   |   425 рет оқылды

Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінінің қатысуымен өткен жиында, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың құттықтау сөзімен бастаған Өкіл имам Рамазан айының қадір қасиеті мен ораза ұстаушы адамның дәрежесіне ерекше тоқталып, медицина тұрғысынан адам денсаулығына тигізер пайдаларын баяндады. Қасиетті айда ұйымдастырылатын, дәлірек айтқанда, «Құран жаттау орталығын ашу», «республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, жамағатпен кездесу ұйымдастыру», «жаңа үлгідегі сайт парақшасы мен мобильді қосымшасын іске қосу», «қайырымдылық акцияларын өткізу» және т.б. шаралардан хабардар етіп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндіріп, тілшілердің сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамаларын тілге тиек етіп, «Ислам және отбасы» жылы аясында атқарылатын жаңа жоспарларымен бөлісті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы