Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018   |   1595 рет оқылды

Қызылорда: Бас имам «Дін мен діл» бағдарламасына Рамазанға байланысты сұхбат берді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы «Qyzylorda» телеарнасының «Дін мен діл» бағдарламасына қасиетті Рамазан айы қарсаңында сұхбат берді.

Өкіл имам:

«Рамазан – рақымшылық пен кешірім айы! Бұл - бір-бірімізге деген өкпе-реніштерімізді ұмытып, бауырмашылдық байланысымызды нығайтуға насихаттайтын ай. Алла Тағала: «Ол өзінің тамағын, сусыны мен шаһуатын Мен үшін тастайды. Ораза мен үшін, оның сыйын Өзім беремін. Сондай-ақ, әрбір жақсылық он еселенеді» деген. Рамазан - Әр жасаған жақсы амалдарымыз сауабы еселенетін үлкен мүмкіндік айы! Сондықтан, берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысуымыз қажет. Алла Тағала баршамыздың оразамызды қабыл етсін! Қасиетті айда шаңырақтарыңыз берекеге толы болсын!» - деп, телеарна көрермендерін мүбарак Рамазан айымен құттықтады.

Сұхбат барысында, Рамазан айына қатысты мәліметтер бере отырып, оразаның шарттарын түсіндірді, жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Рамазан қарсаңында жоспарланып жатқан іс-шаралармен бөлісті., атап айтар болсақ, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Құран жаттау орталығының ашылуы», ««республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, жамағатпен кездесу ұйымдастыру», «жаңа үлгідегі сайт парақшасы мен мобильді қосымшасын іске қосу», «қайырымдылық акцияларын өткізу» және т.б.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы