Жұма, 25 Мамыр 2018   |   1010 рет оқылды

Оралхан Сейдманов Қызылорда жамағатымен жүздесті (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында облыс бойынша түрлі іс-шаралар жоспарланып, бүгінде бірқатары жүзеге асырылуда. Солардың бірі, республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, өңір жамағатымен кездесу ұйымдастыру.

Осыған орай, РАНТ мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Оралхан Сейдманов Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келіп, мешіт жамағаттарымен кездесті.

Атап айтар болсақ, бейсенбі күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ауызашарға қатысып, тарауық намазы алдында «Рамазан – құлшылық айы» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Тарауық намазында, қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің жамағатымен кездесіп, намаздан соң Өкіл имам, рамазан айы басталғалы тарауық намазында толығымен оқылып біткен, Құран Хатым дұғасын жасады.

Жұма күні облыстық мешітте «Зекет бер: берекетін көр, ырысың молайсын» тақырыбында жұма уағызын айтып, ғибадат айындағы зекет берудің маңыздылығы мен пайдасын түсіндірді. Намаздан соң, Алла Тағаладан өзге аймақтарда орын алып жатқан табиғи апаттар мен келеңсіздіктерден сақтауын сұрап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.

Сонымен қатар, ақшам намазынан соң, қалалық «Айтбай» мешітінде жамағатпен кездесу өткізілуі жоспарлануда.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы