Сейсенбі, 05 Маусым 2018   |   1381 рет оқылды

ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанынан балаларға арналған тегін жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кетті.

Курстың алғашқы күнінде, Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы балақайлармен жеке-жеке танысып, батасын берді.

Бүгінде сауат ашу курсында тәлім алып жатқан 61 жеткіншектің 36-ы ер бала, 25-і қыз бала. Мешіт ұстаздары балаларға ахлақ (әдеп), қысқа сүрелер мен дұғаларды үйретуде.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы