Сәрсенбі, 06 Маусым 2018   |   1098 рет оқылды

СЫР ӨҢІРІНДЕ БАС МҮФТИДІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Қызылорда қаласындағы «Hayat Palace» Салтанат сарайында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан ауызашар берілді.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған отырыста Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы қонақтарға Бас мүфтидің игі лебізін жеткізіп, мүбарак Рамазан айымен құттықтады.

«Облыстық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы Сейілбек Шаухаманұлы:

«Дін басшысы өзге қалада жүрсе де, көпшілікке үлгі болып, арнайылап дастархан жайып, ауызашар беріп жатқанына Алла разы болсын! Сыр өңірі әлеуметінің атынан алғысымды айтамын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!»-деп, өңір халқының атынан ризашылығын жеткізді.

Ауызашарға қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов және өзге де жергілікті басқарма басшылары, «Облыстық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы С.Шаухаманов, Қалалық кеңестің алқа мүшесі С.Аңсатов, депутат, кәсіпкер Қ.Ерназар, "Сыр Медиа" орталығының директоры А.Оңғаров, «Қоғам Тв» телеарнасының директоры Ш.Әбдікәрімов, қоғамдық ұйым жеткешілері, зиялы қауым өкілдері, ардагер ақсақалдар, өнер адамдары, спортшылар секілді әр түрлі саланың майталман мамандары, кәсіпкерлер мен мешіт жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Берекелі отырыста, қонақтар қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні мен термешілердің термесінен сусындап қайтты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы