Жұма, 08 Маусым 2018   |   807 рет оқылды

ҒАЛЫМ ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ СЫР ЕЛІНДЕ

PhD доктор, исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, Абу Ханифа ғылыми-зерттеу институтының директоры Қайрат Құрманбаев Қызылорда қаласының жамағатымен кездесті.

Атап айтар болсақ, бейсенбі күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ауызашарға қатысқан соң, тарауық намазы алдында «Рамазан айындағы жомарттық» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Жұма күні, облыстық мешітте «Қадір түнінің қасиеті» тақырыбында жұма уағызын айтып, мың айдан да қайырлы қасиетті түннің маңыздылығын түсіндірді. Намаздан соң, Алла Тағаладан елімізді табиғат апаттарынан, халқымызды бәле-жаладан, алауыздықтан, айықпас дерттен сақтауын сұрап, тыныштық пен тұрақтылық үшін дұға етті.

Сонымен қатар, ақшам намазынан соң, қалалық «Айтбай» мешітінде жамағатпен кездесу өткізілуі және «Ыбырайым молда» мешітінде жасалатын Хатым Дұғасына қатысуы жоспарлануда.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы