Дүйсенбі, 11 Маусым 2018   |   1880 рет оқылды

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ 100 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түні қарсаңында, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде 100 отбасыға қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қасиетті айда осымен екінші рет өз жалғасын тауып отырған игі шарада 20 зағип жанға және 80 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыға бір айлық азық-түлік үлестірілді.

Сонымен қатар, дәл осы күні Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлының «Облыстық Қан орталығының» қызметкерлерін Рамазан айымен арнайы құттықтап, мүбарак айдың берекеті мен шарапаты жайында уағыз айтты. Бас имамның қатысуымен қызметкерлерге ауызашар тәттілері салынған қораптар сыйға берілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы