Сенбі, 07 Шілде 2018   |   1381 рет оқылды

АРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 04.07.2018 жылғы №1479 санды бұйрығымен Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы болып Кабылгазиев Кайрхан тағайындалды.

Қасиетті жұма күні, Арал ауданына арнайы іс-сапармен барған Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы аймақ әкімі М.Оразбаевпен кездесіп, жергілікті мекеме басшыларының қатысуымен өткен отырыста жаңа имам К.Кабылгазиевті таныстырып, өңірдегі діни ахуал тұрақтылығын сақтап, жандандыру жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Кездесу барысында, аймақтағы діни ахуал тұрақтылығы, білікті кадрларды жұмысқа шақыру мәселесі, сонымен қатар, жақында ғана Ел президенті Н.Назарбаевтың Түркістан облысын құруға қатысты жарлығының ел тарихындағы елеулі шешім екендігі және де Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының аталмыш облыста ҚМДБ өкілдігін ашу туралы шешімінің маңыздылығы сөз болды.

Бұдан кейін, мейрамханада берілген асқа аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қауымы, кәсіпкерлер, ақсақалдар мен мешіт жанашырлары қатысып, жаңа имамға өз тараптарынан қолдау көрсететіндіктерін жеткізіп, облыс көлемінде атқарылып жатқан бастамалары үшін Өкіл имамға алғыстарын білдірді.

Сапар соңында, Арал аудандық орталық мешітте Өкіл имам «Сүннетпен амал етудің маңыздылығы» тақырыбында уағыз айтып, барша жамағаттың алдында Арал аудандық орталық мешітінде бас имамдық қызметін абыроймен атқарған С.Евилханға алғыс білдіріп, аймақтың жаңа имамын таныстырды.

Кабылгазиев Кайрхан Табысович – Қызылорда облысы, Арал қаласында 04.12.1990 жылы дүниеге келген.

Білімі: Жоғары

  • 2010 – 2013 жж.  Ақтөбе обл. «Ақтөбе» медресе колледжінде білім алған; 
  • 2013  - 2016 жж.  Алматы қ. «Нұр – Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавры.
  • 2017 ж. Алматы қ. Нұр – Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласында мамандарды қайта даярлау институтын» тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • 2016 ж бастап 2018 ж. шілде айы аралығында «Арал аудандық орталық» мешітінің найб имамдық қызметін атқарған.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы