Жұма, 13 Шілде 2018   |   1936 рет оқылды

ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың №1481 бұйрығымен Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамдық қызметіне Улжаев Бақыт тағайындалды.

Шиелі ауданына іс-сапармен барған өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы ең алдымен аудан әкімінің аппарат жетекшісі Ғ.Күлбаевпен кездесіп, жаңа имам Б.Улжаевты таныстырып, өңірдегі діни ахуалды сақтау, жаңадан құрылған Түркістан облысында ашылған ҚМДБ өкілдігі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігімен атқарылып жатқан жаңа бастамалар, жоспарларды талқылады.

Қасиетті жұма күні аудандық орталық мешітте «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтып, жамағатты әрдайым ынтымақта болып, бірлікпен жұмыс жасауға шақырды. Бұдан кейін, аудан ақсақалдары мен барша жамағаттың алдында Шиелі ауданында Бас имамдық қызметті абыроймен атқарған Р.Ахметовке өз атынан алғыс хат табыстап, ауданға тағайындалған жаңа имам Б.Улжаевты таныстырды.

Намаздан кейін, Өкіл имам ел амандығы мен жұрт тыныштығы, бейбіт өмірдің тұрақтылығы, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін Алладан дұға етті.

     Улжаев Бақыт – 28.07.1990 ж. ОҚО дүниеге келген.

Білімі: Жоғары

2008-2012 жж. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бакалавр «Исламтану» мамандығы бойынша білім алған.

2015-2017 жж. Шет тілдер және карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистрі.

Еңбек жолы:

2012-2013 жж. Ақмола облысы, Бурабай аудандық мешітінің наиб имамы;

2013-2018 жж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарған.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы