Дүйсенбі, 16 Шілде 2018   |   15765 рет оқылды

МИНИ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мен аудандық спорт басқармасының ұйымдастыруымен мини футболдан облыстық біріншілік болып өтті.

Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл, Қармақшы ауданына 90 жыл толу құрметіне орай өткізілген  турнирде аудандық мешіттер мен облыстық мешіт жамағаттарынан жасақталған 9 құрама  бақ сынасты.

Жарыстың басты мақсаты: мешіт жамағаттары арасындағы бауырмашылдықты, бірлік пен татулықты нығайтып, толлеранттылықты қалыптастыру.

Облыстық біріншіліктің қорытындысы бойынша:

І-орын: Қазалы ауданы (50 000 тг);

ІІ-орын: Жалағаш ауданы (30 000 тг);

ІІІ-орын: Байқоңыр қаласының (20 000 тг) құрамалары қаржылай сыйақылармен жəне мақтау қағаздарымен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы