Сенбі, 21 Шілде 2018   |   14705 рет оқылды

БАС МЕШІТТІҢ ЖАҢА НАИБ ИМАМДАРЫ ЖАМАҒАТПЕН ТАНЫСТЫ

Қасиетті жұма күні Сыр өңірінің Бас мешіті - «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне екі бірдей наиб имам тағайындалды.

Бүгінде, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен жергілікті халықтың діни білімін арттыру мақсатында білікті кадрларды қызметке шақыру арқылы облыстағы діни ахуал тұрақтылығын сақтау басты назарға алынған. Осыған орай, өңірімізде білікті кадрларды барынша көптеп шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы «Апатқа ұшыраған қауымдар» тақырыбында жұма уағызын айтып, ғибратты оқиғаларды мысалға келтіре отырып, тақырыпты айшықтап жан-жақты түсіндірді.

Бұдан кейін, орталық мешітте абыроймен адал қызмет атқарған Б.Улжаевқа алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты және де аталмыш мешіттің жаңа қызметкерлерін барша жамағаттың алдында таныстырды.

Евилхан Съезбек – 11.06.1976 жылы Моңғолия мемлекетінде дүниеге келген.

Білімі:

2006-2008 жж. ҚМДБ «Ислам институтында» оқыған.

Еңбек жолы:

1995-1996 жж. Павлодар қ., «Ақмешіт» мешітінде азаншы;

1996-1997 жж. Павлодар қ., Ертіс аудандық мешітінің наиб имам;

2015-2018 жж. Қызылорда обл., Арал аудандық орталық мешітінде Бас имам болып қызмет атқарған.

Ешмахан Рүстем – 21.06.1985 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

Білімі:

2005-2006 жж. Отырар университетінде дайындық курсын;

2007-2008 жж. Отырар университетінің «философия» факультетінің 1 курсын;

2008-2011 жж. Ливия мемлекетінде «исламға шақыру» университетінде білім алған.

2015-2018 жж. «Ақтөбе» медресе-колледжін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2012-2013 жж. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мешітінде наиб имам;

2014 ж. Қызылорда облысы, Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінде наиб имам;

2014-2015 жж. Алматы облысы, Шамалған ауылдық мешітінде наиб имам;

2016-2018 жж. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы