Бейсенбі, 17 Наурыз 2016   |   501 рет оқылды

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ислам дінінде ата-анаға құрмет көрсетуге зор мән беріледі. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме» - деп ата-ананың қадірін баса айтқан.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті бұл бағытта да бірнеше шараларды ұйымдастырып, әрбір насихаттық шараларда ата-аналарды құрметтеу туралы кеңінен айтып келеді.

Осы орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Аналарды құрметтейік» атты шара өткізілді.

Шара барысында қаламыздағы ақ жаулықты аналар, батыр аналар, қыз-келіншектер мешітке шақырылып, арнайы дастархан жайылып, қайырымдылық  жасалды.

Шарада бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Ислам діні, имандылық турасында уағыз-насихат айтып, аналарымызға деген ақ ниетін жеткізді.

Қатысушылар мешіт ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айттты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы