Бейсенбі, 17 Наурыз 2016   |   482 рет оқылды

Жастарға жат ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгінгі таңда жастардың Ислам дініне көптеп беттеп жатқаны баршаға аян. Сонымен қатар жастарға тура жолды көрсетіп, адасушылыққа бой алдырмау, жат ағымдардан сақтану бағыты бойынша насихаттық шаралар да көптеп ұйымдастырылуда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындардында «Дін және жастар» тақырыбында бірнеше кездесулер өткізілді.

Кездесулерге қала имамдары қатысып, жастарға имандылық, жат ағымнан сақтану, білім алу турасында уағыз – насихаттарын жеткізді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы