Жұма, 18 Наурыз 2016   |   418 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА СҰҚБАТ БЕРДІ

Өңірімізде дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттайтын мәдени, танымдық шаралар тұрақты өткізіліп келеді.

Бұл бағыттағы кездесулер, дөңгелек үстелдер, мәдени-көпшілік шараларға қала тұрғындары мен жастар барынша молынан тартылуда.

Сонымен қатар, аталмыш бағыт бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да насихаттар тұрақты айтылуда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы «Дін мен діл» бағдарламасына қатысып, Ұлыстың Ұлы күні туралы, қазақ халқының салт-дәстүрлері турасында сұқбат берді.

Өз сұқбатында өкіл имам көрермендерге сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, оның Ислам дінімен сабақтасуы жайында кеңінен жеткізді. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы