Сенбі, 28 Наурыз 2015   |   3122 рет оқылды

Шәкірттер азан айтудан жарысты

 Қызылорда қаласындағы қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш мешітте дәріс алушы шәкірттер арасында Азан жарысы өтті.

 Азан айтудың Исламдағы орны бөлек. Намазға шақыруды білдіретін азан айтуда шәкірттер нақышына келтіріп, әуезді үндерімен өзара бақ сынады.

 «Айтбай» мешітінде өткізілген сайысқа барлығы 14 шәкірт қатысты.

 Азан айту сайысына орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің найб имамы М.Гаджиев және қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы Б.Рысбай қазылық жасады.

 Халықты намазға шақыру үшін айтылатын  - азанның маңызы зор болғандықтан, азаншыға қойылған  талаптар - даусының зор болуы, азан дұғасын жатқа біліп, сауатты айтуы назарға алынды.

 Азан жарысынан үздік деп танылған шәкірттерге «Айтбай» мешіті ұжымының тарапынан бағалы сыйлықтар беріліп, жеңімпаз шәкірт  Айбек Сәрсенбекұлы облыстық азаншылар сайысына жолдама алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы