Жұма, 26 Қыркүйек 2014   |   494 рет оқылды

Құрбан айт қарсаңында БАҚ өкілдерімен брефинг өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің ұйымдастыруымен «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Құрбан айтқа байланысты жергілікті БАҚ өкілдері қатысуымен брифинг өтті.

Алғаш болып Бас имам Омаров Талғат Сейткәрімұлы сөз алып, келе жатқан төл мерекелеріміздің бірі Құрбан айтпен құттықтады. Бұл айттың артықшылығы мен осы айда жасалатын сауабы мол құлшылықтармен таныстырып, Арафа күні, Құрбан айт, Қажылық және құрбандық шалу мен оған қатысты үкімдерге тоқталып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына орай сұхбат берді. Сонымен қатар БАҚ өкілдерін пайдалана отырып халықты аталмыш айт мерекесімен құттықтай келе, Құрбан айтқа қарсы атқарылатын іс-шаралар легімен таныстырды. Айтқа байланысты өтетін мерекелік концертпен айт күні өтілетін спорттық шараларға қатысып, қонақ болуға шақырды. Құрбан айт мерекесі күні яғни 4 қазанда мешітте жылдағы дәстүр бойынша айт намазынан кейін жамағатқа дастарқан жайылып, ас берілетінін тілге тиек етті.

Өкіл имам “Айт мерекесіне байланысты құрбандыққа шалынған малдардың еттері 100-ден аса отбасыларға бөліп берілетін болады. Мешіттің жанына 3 киіз үй тігіліп, былтырғыдай түрлі спорттық ойындардан арнайы сыйлықтар тағайындалып жарас ұйымдастырылмақ. Қарттар үйінде қайырымдылық шара ретінде азық-түлік таратылып және облыстық орталық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында облыстық филармония әнші-жыршыларымен концерттік бағдарлама өтеді. Сонымен қатар қаламыздың төрінде орналасқан «Жібек жолы» (Мега центр) сауда орталығындағы ойын алаңдары арнайы балалар үйінің сәбилері үшін тегін жұмыс жасап, онда тұрғындарға тағам таратылатын болады. Жылдағы әдетімізше сол күні қала тұрғындары үшін тегін қоғамдық көліктерді ұйымдастыру да жоспарланып отыр. Бұның барлығы Құрбан айт мерекесін халық арасында кеңінен насихаттап, мейрамның қадыр-қасиетінің жоғарлығын ұқтыру мақсатында жасалып жатқан шаралар” – деді.

Келе жатқан төл мерекелеріміздің ең үлкені Құрбан айт баршаңызға мүбарәк болсын! Шалған Құрбандықтарыңыз қабыл болып, Қажылық парызын өтеу бақыты берілген жандардың қажылықтары қабыл болып, тілеген дұғаларымен еліміз тыныш, иманды да бейбіт болып, өркендей берсін. Әмин.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы