Сәрсенбі, 01 Қазан 2014   |   514 рет оқылды

Жамағаттарға Құраннан семинар өтуде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің ұйымдастыруымен арнайы мешіт жамағаттары мен қарапайым халықтың Құран оқудағы қаблетін жақсартып, Құранды дұрыс оқып үйрену мақсатында семинар тренинг бастау алды.

Қандай да бір астың дәмді болуы үшін тұздықтың маңыздылығы қандай қажет болса, Құранды дұрыс оқып, әріптерін таза дыбыстауда Құран оқу ережелері мен қағидаларын үйреніп, таза оқи білу де өте маңызды.
Үйткені көптеген жерлерде қарттардың тіпті жастар арасында да Құранды қазақша крилицамен бұрыс жаттап, қалай болса солай оқи салатын жайттарды да жиі кезіктіріп жатамыз. Бірі бір сүреден екінші сүреге қателесіп секіріп кетіп жатса, енді бірі әріп, сөз қателіктерін жіберіп тіпті мағына өзгеріп кетерліктей оқып жатады.
Осы мәселелерді шешуге атсалысуға, арнайы ұстаздар дайындалып семинар басталды. Орталық мешітінің Найб имамы Серік Бердіходжаев Құран жаттағандармен оқу ережелерін түсіндіріп, дұрыс оқуды үйретіп жатқан болса, аталмыш мешіт ұстазы Мұхтар Гаджиев Құран оқуға қызығушылық білдірген жандарға араб тілінің оқылуынан сабақ беріп, тілдерін таза Құран оқуға жаттықтырып, әр әріптің дұрыс дыбысталуын үйретуге кірісті.
Бұл семинардың халыққа берер пайдасы мол деп білеміз. Көпшілік алдында Құран оқығанда дұрыстап оқып, Алланың сөзіне құрметпен қаралса, екінші жағынан бұл семинарға қатысып, аған білімін шыңдағандар өзгенің өзге жерлерде оқыған Құрандарынан елеулі қателер байқап, оларға жеке түсіндіруге тырысса, не мешітке келуге үндесе халық арасында Құран оқудағы қателіктер көп түзелер еді деп үміттенеміз.
Алла тағала әрбірімізді өзінің қасиетті кәләмі Құран Кәрімнің нығметімен нығметтеп, Құранның нұрымен нұрландырғай! Әмин.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы