Сенбі, 04 Қазан 2014   |   579 рет оқылды

Мешіт ұжымы Ардагерлерді арнайы құттықтады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің ұйымдастыруымен Ардагерлер үйінде Құрбан айт мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Қызылорда облыстық филармониясының дәстүрлі әндер шырқайтын белгілі әнші-жыршыларының қатысуымен ардагерлердің шад-шадыман көңілдерін көтерген кішігірім концерт ұйымастырылды. Сондай-ақ, Құрбан айттық ретінде әрбір ардагерге арнайы тәттілер мен азық-түліктер таратылды.
Іс-шара барысында ардагерлер өз ризашылықтарын білдіріп, өздерін елеп арнайы құттықтап келген мешіт ұжымына көп рахметтерін айтып, ақ тілектерін жаудырды. Арасынан Атбаева Айгүл атты апамыз қолына қалам алып сол мезетте мешіт ұжымына шумақтап өлең шығарып, көпшілік алдында оқып өз қуаныш рахметімен бөлісті.

Ақмешітке арнау
Шапағатшы бір Алла!
Нәсіп берген көп жанға,
Қасиетті жұмада,
Ниеті ауды қарттарға.

Алланың үйі мешіттен,
Несібе кірді есіктен
Жазылған Құран Кәрімде
Үлкенді сыйлау бесіктен

Қарттар үйін ескерген
Илтифат етіп біздерге
Ұсынған дәм-тұз әкеліп
Мың алғыс рахым сіздерге

Алланың нұры жаусын деп
Ұлағатын алсын деп
Әруақты еске алып
Бір жасап қарттар қалсын

Ізетке құрмет қарттардан деп,
Осынша қызмет атқарған,
Ақмешітімізге мың алғыс
Дін жолын қорғап сақтаған

Алладан қайтсын еңбегің
Шырағы мешіт сөнбесін
Мұсылмандыққа баулыған,
Ақмешіт жоқ қой теңдесің

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы