Сенбі, 04 Қазан 2014   |   506 рет оқылды

Бас мүфти журналисттермен кездесу өткізді (ФОТО+ВИДЕО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы жергілікті журналисттермен кездесу өткізді. Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Бас мүфти журналисттер қауымына ұлық мейрамның мән-маңызы жайлы түсіндіріп, қалам ұстаған «төртінші билік» өкілдеріне асыл дінімізді насихаттаудың жаңа жолдарын ұсынды. Кездесу барысында Ержан қажы Малғажыұлы қазақ халқына  ертеңгі Құрбан айт мерекесімен құттықтауын жолдап, игі тілектер тиегін ағытты.

Сондай-ақ, кездесуде көтерілген келелі мәселелердің бірі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Құрбан айт мерекесін елорда жұртшылығымен бірге қарсы алатыны жайлы болды. Естеріңізде болса, Діни басқарманың Астана қаласына ауысатыны жайлы әңгіменің көтерілгеніне де көп болған еді. Ақыры, айтулы оқиға «ақ түйенің қарны жарылған» асыл мереке Құрбан айтқа тұспа-тұс келіп отыр.

Журналисттер қауымы жаңа қоныстағы Діни басқарманың жұмысы қалай өрбитіндігі жайлы сұрақтарына Ержан қажы Малғажыұлы тұщымды жауап қайтарып, алдағы жоспарлар жайынан хабардар етті.  Діни басқарманың Елорда қаласына ауысқаннан кейін құрамына «Халал стандарт» бөлімі қосылатыны да мәлім болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы