Сейсенбі, 21 Қазан 2014   |   575 рет оқылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт - Сырдария" мешітінің ұймдастыруымен игі үрдіс жолға қойылды.

Аптаның сұлтаны қасиетті Жұма күні барлық мешіттерде жамағаттардың саны 5 уақыт намазға қарағанда көптен келетіні рас. Олардың ішінде басы сәждеге енді ғана тигендер де Жұма сайын саны артып келеді. Ал, көкейлерінде сауалдар туындап, немесе бұрыннан намаз оқитынданрдың өздері оқыған намазының кей қырларын жетік білгісі келетіндер саны аз емес. Оның дәлелі ретінде бастау алған мына игі шараны келтіруге болады.
Мешітімізде әр қасиетті Жұма күні жұма намаздан соң жаппай жамағатқа Фиқһ саласынан таңдаулы маңызды деген тақырыптарда ғана әсіресе дәрет пен намаз баптарынан таңдаулы қысқаша практикалық дәрістер өтіп, намазда қалай дұрыс тұру керектігі сияқты жайттар сөз етіледі. Барша жамағатқа арнайы уақыт бөлініп мешіт наиб имамдары түрлі сауалдарына жауап беретін болды.
Қызықты да әсерлі басталған бұл игі шараға көптеп жамағаттар қатысты. Баршасы өз қуаныштарын жасыра алмай бұл шара жалғасын тапса екен, көптеген сұрақтарымызды, білмейтіндерімізді үйреніп жатырмыз деген тілектерін білдіріп ағынан жарылып жатты.
Бұл бастаманы Өкіл имам Талғат Омаров бастап беріп, жамағаттарға бұл бастаманың пайдасы мен артықшылығын сөз етіп, өз достарын, жақындарын мешітімізге ерте келсе көп мәлімет біліп, дәстүрлі дініміздің ақиқатына көз жеткізіп, көп нәрсе үйреніп алуға болатынын тілге тиек етті. Иманының ірге тасын мешітте қаласа, керітартпа ағымдардың жетегіне еріп кетпеуге қауқарлы болады - деп бастаманың пайдалы тұстарына тқталып өтті. Әр жұма намазынан кейін тұрақты түрде жалғасын таба береді деді.
Ең қуантарлық жағдай түрлі сауалдар қойып, намаздың қыр-сырларын үйренуге талпынған жамағат бір ауыздан келісіп пайғамбарымыздың сүннеттерін тірілту мақсатында Әр дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстап еліміз, жеріміз, халқымыз үшін дұға жасайтын болды. Мешітімізде аптаның екі күнінде ауыз ашар жасалып, оған барлық жамағат атсалысатын болып шешті. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетін тірілтіп, үлкен сауап пен шапағатқа кенелу болса, екінші жағынан ораза жамағаттарды сабырлық пен тақуалыққа жақындатады. Ал, үшінші жағынан ауызашар кезінде насихаттар тыңдап имандарын шыңдайтын болады деп үміттенеміз.
Алла Тағала бұл игі шараларымызға жігер беріп, жамағаттың тілектерін қабыл айлап, елімізге тыныштық, халқымызға береке мен иман байлығын берсін! Әмин.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы