Сейсенбі, 18 Қараша 2014   |   478 рет оқылды

«Дін мен дәстүр» толассыз насихатталуда

   Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы жылы  «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағаннан бері, Қызылорда облысы бойынша дініміз бен дәстүрімізді насихаттау барысында толассыз іс-шаралар атқарылып, қыруар жұмыстар жасалуда.

   Соның бір айғағы ретінде орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен қаламызға қарасты Талдыарал ауылында өткен жиынды айтуға болады. Бұл бас қосуға Маханбет және жергілікті ауыл мектебінің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары қатысып келелі де  пайдалы жиын өтті.

 

 Жиын барысында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы сөз алып: «Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: Қай заманда болмасын ата-бабаларымыз тек осы дін мен дәстүріміздің бастау қасиетінің арқасында қабырғасы қатайып, беки түскен. Әлі де бұл қасиет күшінде бола беруі тиіс. Сондықтан, 2014 жылды дін мен дәстүр жылы деп жарияладық...» ,-  деген сөзін келтіре дін мен дәстүрдің сабақтастығына кеңінен тоқталды.

   Бас қосудан соң әнші, сазгер Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Әлмырза Ноғайбаев әннен шашу шашып, термелер, дәстүрлі әндер айтылды.

  Ендігі меже Қарауыл төбе, Досан, Абай, Қараөзек ауыл мектептері болмақ.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша

өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

Баспасөз хатшысы

Ескендір Әсел

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы