Бейсенбі, 06 Қараша 2014   |   528 рет оқылды

Сыр өңірінің имамдары 10 күндік семинарда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен, өңірімізге қарасты аудан және ауыл, қала имамдарына білім жетілдіру семинарлары жалғасып келеді. Айта кетсек 1-ші жарты жылдықта имамдарға жалпы саны 6 семинар болып, имамдар білімдерін жетілдірді.

  Бүгінде осы семинарлардың жалғасы ретінде орталық мешіттің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының дін істер басқармасының қолдауымен Арал, Қазалы, Жосалы, Жалағаш аудандары және Төретам кентінің имамдарына 10 күндік семинар басталып, «Нұр-Мүбарак» университетінің магистранттары дәріс беруде. 

   Дәрістер Ақида, Фиқһ, Құран сонымен қатар имамдардың құқықтық сауаттарын арттыру үшін  Қазақстан Республикасының заңдары да қоса үйретілуде. Қазақ халқының салт-дәстүрлері асыл дінімізбен біте қайнасқандықтан имамдарға салт- дәстүр негіздері тереңдетіле оқытылуда.

   10 күндік семинар аяқталған соң басқада аудан, ауыл имамдарына дәріс жүргізілмек.

   Ата-бабаларымыз ежелден «Оқу инемен құдық қазғандай» деген мән-мағыналы сөзді бекер айтпаса керекті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с )  хадисінде де «Тал бесіктен көр бесікке дейін білім ізденіңдер»  деп үмбетіне өсиет қалдырған. Ендеше әр адам өмірінің соңына дейін білім ізденуді өз алдына мақсат тұтса, еліміз гүлденіп дініміз жайқала берері сөзсіз.    

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша

өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз хатшысы

ЕскендірӘсел

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы