Сәрсенбі, 03 Желтоқсан 2014   |   692 рет оқылды

«Ғасыр дерттерінің бірі жасанды түсік»

 Осындай атаумен өткен әсіресе жастар арасындағы бұл дерттің алдын алу мақсатында жоғарғы оқу орындарында жоспарлы түрде келелі кездесулер өз жалғасын тауып келеді.

 Бұл қауіпті әрі күнәсі алпауыт болған ғасыр дертін жастарға түсіндіріп, одан туындар зардаптардың жастардың санасына жеткізіп, түсіндіріп беру әрбіріміздің міндетіміз.

 Осы мақсатта жергілікті «Қорқыт ата» университетінің №1-ші және №9-шы корпустарында Қызылорда облысының өкіл имамы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров пен қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы Алпамыс  Тлеубергеновтің қатысуымен іс-шаралар болып өтті.

 Осындай шаралар өткізу арқылы бұл дерттер азайса деп үміттенеміз. Алла Тағала елімізді түрлі пәлекеттерден сақтап, жастарымызды иманды да ибалы, саналы да салауатты өмір кешіп, болашақтың жарқын жұлдыздары болуға жазсын! 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы