Жұма, 05 Желтоқсан 2014   |   541 рет оқылды

«Иманды қыз - түзу бесік иесі»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірт қыз-балалар арасында «Иманды қыз-түзу бесік иесі» атты сайыс болып өтті. Аталмыш сайыстың мақсаты: Ата салтымыз бен асыл дінімізді кеңінен насихаттау.

Аталмыш сайыс қасиетті Құран Кәрім оқылуымен ашылды. Қазылар алқалары сөз алып, дініміз бен дәстүріміздің біте қайнасқан асыл құндылықтарын сөз етіп, сайысты бастап берді.    

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің шәкірттері («Инабат» тобы) мен  қалалық  «Айтбай» мешітінің шәкірттері («Шаңырақ» тобы) өз ілімдерін ортаға салып, екі топ Халық әнінің нақышына сала отырып өз топтарын таныстырды.

Сайыс барысында Хадис айтудан, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындаудан және өз өнерлерін көрсетуден, әдет-ғұрыптарға байланысты мақал-мәтел айтудан, сонымен қатар,  қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетуден жарысты.

«Инабат» тобы қыз ұзату, беташар сияқты дәстүрлерді қойылыммен көрсеткен болса, «Шаңырақ» тобы бесікке салу, тұсау кесер сынды ұлттық дәстүрлерімізді паш етті. Бірінен-бірі асып тұрған бұл екі топпен өткен бұл сайыс өте қызықты әрі ғибратқа толы өтті. Көрермен ретінде келген мешіт әйелдер жамағаты арасынан сұрақтар қойып ойындар ойнатылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы