Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2014   |   482 рет оқылды

«Дін мен Дәстүр» аясындатағылымы мол шаралар

Қорқыт ата  атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық – педагогикалық» факультетінде “Дін және ғылым” тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наибимамы Нұрлан Шайдалыұлы дін мен ғылымның арақатынасы, иман, ислам ұғымдарының мәні, діни экстремизм, Ислам дінін радикалды діни ағымдардан қалай ажырату керектігі жөнінде сөз етті.

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық №6 мектепте мектеп аралық оқушылар арасында «Дін мен дәстүр», «Әдет-ғұрып» тақырыбындағы  ақын жазушылардың өлендерінен мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Шараға 30 дан аса оқушылар қатысып, дін мен дәстүр жайлы білімдерінің жетік екенін мойындатты.

 «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің найб имамы Әбжанов Нұрлан,  №23 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, дінтанушы Әбенов Ғалым және №1 мектеп-гимназиясының тарих, құқық және дінтану пәнінің мұғалімі Ибраева Нағима сынды ұстаздарымыз қазылар алқасы орнынан табылды. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің Баспасөз хатшылығы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы