Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2014   |   809 рет оқылды

«Дін-имандылық бастауы»

Қызылорда қалалық №5 мектепте мектеп оқушыларының қатысуымен «Дін-имандылық бастауы» атты діни тағылымы мол кездесу болып өтті.

Аталмыш кездесуде №5 мектептің директоры Алтын Болатқызы, Қызылорда қалалық Білім бөлімінің теолог маманы Байжанов Жасұлан, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Әбжанов Нұрлан сынды аға-әпкелеріміз қатысты.

Аталмыш шарада оқушылар «Имандылық», «Ата-анаға құрмет», «Имандылық жарасады ұл-қызға» тақырыбында  қазақ және орыс тілінде баяндамалар оқылып,  бейне ролик көрсетіліп, домбырамен күй шертілді.

Сондай-ақ, оқушылар көкейлерінде жүрген діни сауалдарын қойып, ортаық Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы аталымыш сұрақтарға тұшымды жауап беріп, жас жеткіншектеріміз тәлімі мен тағылымы мол рухани кештің куәсі болды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

Баспасөз хатшылығы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы