Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2014   |   1012 рет оқылды

«Тәуелсіз Қазақстан - тұғырлы ел»

Сыр елінде «Тәуелсіз Қазақстан - тұғырлы ел» атты салтанатты жиын өтті. Шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшерб­­аев қатысып, үздіктерді марапаттады.

«Тәуелсіздік - дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, Мәңгілік ел болуға талпынған халқымыздың мәңгілік құндылығы» деп сөз бастаған өңір басшысы тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған жасампаз жұмыстарды тарата айтты.  Расында тарихи тұрғыдан алғанда 23 жыл аз мерзім болғанымен, ғасырға татитын жұмыстар атқарылды. Бүгінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп, дүбірлі дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіздік - тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, ата-бабалар аманаты. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің ар­қа­сында негіз қалай алдық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Тәуелсіз елдің дамуына қомақты үлес қосқан бір топ түрлі сала үздіктерін «Парасат», «Құрмет», ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен марапаттады. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты. Шараға «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Әбжанов Нұрлан және аталмыш мешіттің қызметкерлері қатысып, мерекелі кештің куәгері болды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшылығы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы