Сенбі, 10 Қаңтар 2015   |   559 рет оқылды

Өкіл имам ауылда өткен мәуліт кешіне қатысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы ынтымағы жарасқан Сүттіқұдық ауылында өткен Мәуліт мерекесіне қатысты. Жиналған жұртшылыққа Пайғамбарымыздың өнегелерінен сөз етіп, осынау мәуліт мерекесімен құттықтады.

№52 орта мектептің акт залына жиылған жұрттың қарасы көп болды. Көршілес Шиелі ауданынан бастап ауданымызға қарасты ауылдық округ имамдары мен ақсақалдары имани шараның куәсі болды. Рухани шараны бөлім басшысы Ә.Төлегенов ашып, ізгілікке бастар, мұндай игі шаралардың халыққа берер тәлімі мол екендігін жеткізді. Қорқыт ата атындағы ҚМУ–дінтанушы ғалымы Б.Оспанов асыл дініміз Исламның құндылықтары хақында тәлімі мол имани насихатын паш етті. Одан әрі мешіт шәкірттері «Шын дос» атты сахналық қойылымы көрермендер жүрегіне жол таба білді. Айтыскер ақын Ә.Сыздықов жыр-термелерінен шашу шашса, жас ақындар мәулітке арнауларын оқыды. Өз кезегінде облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамдары мәуліт-шариф оқып, Пайғамбарымызға салауат айтты. Осылайша, Қасиетті Құранмен бастау алған ізгі шара, Алла Елшісінің (с.а.с) Қоштасу хұтпасыменен тәмамдалды.

     
     

Айта кетейік, рухани кешті ұйымдастыруға ұйытқы болған ауыл имамы Т.Әбдіғаппаровты өкіл имам Т.Омаров «Белсенді имам» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапаттады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы