Жұма, 16 Қаңтар 2015   |   706 рет оқылды

Қалалық «Ыбрайым молда» мешітінде мәуліт тойланды

Қалалық «Ыбрайым молда» мешітінде 16.01.2015 күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне Мәуліт оқылып, жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұсылман үмметіне тастап кеткен адамгершілік пен басқа да адами қасиеттерден, Ислам құндылықтары уағыз қылып айтылып берілді. Жетімнің басынан сипау, Аллаһқа серік қоспау, ықыласты болу, садақа беру, риядан аулақ болу, жақсы сөздерге әуес болып, жаман сөздерден аулақ болу, т.б. асыл қасиеттер аят-хадистермен ашықталып айтылды.

Одан кейін Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Әбжанов Нұрлан Мәуліт оқып, жамағатқа мәуліттің тарихы мен жетерлік мәлімет беріп кетті. Одан кейін жамағатқа Мәуліттің құрметіне балалар үйінен арнайы шақырылған балаларға және ақсақалдар мен жамағатқа ас беріліп, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған шариғат құндылықтары, Аллаһтың нығммет-жақсылықтары айтылып жатты. Одан кейін жағдайы төмен отбасыларға мешіттің ұжымы атынан Мәуліт құрметіне ет пен т.б. отбасы-шаңыраққа керек деген құрал-жабдықтар таратылды.

Одан кейін күні бұрын 15-қаңтар күні «Ыбрайым молда» мешітінде шәкірттер арасында өткен жарыстың жүлдегерлеріне жұма күні жамағаттың алдында өз сыйлықтары мен мақтау қағаздары тапсырылды. Ол жарыста шәкірттер «Құран мен тәжуид», «Пайғамбар (с.ғ.с.) Құран және т.б. тақырыптардағы хадистері», «Ислам тарихы мен сирадан» сынаққа түсті.

Ілім сайысына қатысқан шәкірттер тізімі мыналар:

Сыздықов Қобыланды,

Қазақбаев Қайрат,

Жансұлтанов Жалғас,

Қаратаев Еділ,

Жолмырзаев Серік,

Диханбаев Мейрамбек,

Марат Данияр,

Сұлтанов Қанат,

Бексейітов Мағжан,

Орынбасарұлы Нұрсұлтан,

Қуаныш Асқар.

Орын алғандар реті мыналар:

І-орынды мешіт шәкірті Орынбасарұлы Ерсұлтан (14-15 жаста) мен ең жас шәкірт ретінде Нұрман Абылай (8 жаста) имамның арнайы сыйлығын иемденді,

ІІ-орынды Бегімов Серікбай (56 жаста),

ІІІ-орынды Сүлеймен Жомарт (14 жаста) алып, өз сыйлықтарын алып, ақсақалдардың, жамағаттарын рахметтері мен баталарын алып қуанып жатты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы