Сәрсенбі, 21 Қаңтар 2015   |   788 рет оқылды

Байқоңырда өткен әз-Мәуліт

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Төретам» кентінде қаңтардың 18-жұлдызында «Төретам» кенті «Жәрімбет ата» мешітінің найб имамы Мұрат Дәуіржанұлы және кент әкімі Демисинов Мырзабек Кәленұлының мұрындық болуымен Мәдениет үйінде «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеші ұйымдастырылды.

Мәуліт кеші кейінгі жастарға берер тағылымдық-тәрбиелік маңызы ерекше болғандықтан, мұсылман жұртшылығы жылда асыға күтеді. Кеш Аллаһтың кәләмы Қасиетті Құранмен ашылды.

Жиналған қауымды осынау дәстүрге айналған мейраммен кент әкімі: Демесинов Мырзабек Хәленұлы шын жүректен құттықтап, отбасына бақыт тілеп, ортаға ҚМДБ-ның Қызылорда облысының өкіл имамы Омаров Талғат Сейткәрімұлын шығарды. Барша мұсылмандарға Мәуліт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, оның ғибрат аларлық терең мән жағына тоқталды. жамағатқа тек молшылық, ізгілік әкелсін деп ізгі лебізін білдіріп, осы кешті ұйымдастыруға атсалысқан жандарға өзінің және мұсылмандар атынан рахметін білдірді.

Сонымен қатарға Кенттің ақсақалдар алқасының төрағасы Бөлекбаев Арыстанбек, Арыков Нәдірбек атты ақсақалдар аталмыш мерекемен жиналған қауымды құттықтап, елімізге тыныштық тілеп, жүрек жарды ақ тілектерін білдіріп жатты. Жиналған жамағат Кентіміздің тағы бір ел ағасы атанып жүрген Нұр Отан партиясының депутаты Дәуленбаев Ануар ағамыздың да жылы лебізіне бөленді.

Рухани кештің тағы бір ерекшелігі жастарымыздың жүрегінің имандылыққа бұрылып «Мәуліт» мерекесін асыға күтіп, рухани нәр алуында. Кеште Кент жастары ғибратты қойылымдвр көрсетті.

Онымен қатар Алматы қаласынан арнайы «Раян» тобының әншісі Пулатбеков Қанатбек шақырылды. Қанатбек кешке келген қонақтарымызға жақсы көңіл-күй сыйлап, діни өлеңдермен жүректерімізге әнмен Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға деген құрметті жеткізе білді.

Мұндай мерекелер қалталы әрі жанашыр азаматтардың көмегінсіз болмайтыны белгілі. Жүрегі имандылыққа толы ағаларымыздың қолдауымен,мүмкідігі шектеулі балаларға сыйлықтар берілді. Сыйлықты Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы табыстады.

Кеш соңында қарияларымызбен қонақтарға қонақасы берілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы