Бейсенбі, 22 Қаңтар 2015   |   883 рет оқылды

Шиеліде «Шапағаттың шам шырағы Мұхаммед (с.а.с)» атты кеш

Әз, пайғамбарымыздың (с.а.с) мәуліт кеші жер-жерлерде өткізіліп келеді. Өз кезегінде Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында «Шапағаттың шам шырағы Мұхаммед (с.а.с)» атты мәуліт кеші өтті.

Аудан Имамы Ахметов Рахат пен «Нұр иман» мешітінң имамы Нұрсейітов Самат және жамағаттары атсалысқан бұл мәуліт арнайы шаыртумен Қызылорда орталық мешітінің найб имамдары Серік Бердіхожаев пен Нұрлан Әбжановтың салауаттар оқып, жергілікті сахна өнерпаздары Рахат Қалкөзов, Мұхаммедәлі Бекпейіс, Бағдат Тойманов және Оспанов Нұрберген иләһи әндермен халықтың жүрегін терентіп, санаға діни өлеңдермен ой салды. «Пайғамбарға (с.ғ.с) сағыныш» атты «Шымкент» медресесінің шәкірттері қойған көрінісінен көзге жас алмау мүмкін емес еді.

Сондай-ақ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің халық театр сахнагерлері қойған «Адасқан әке» атты көрінісі көп адамдарды ойландырғаны анық.

Қасиетті мәуліт мерекесімен мұсылман бауырларымызды құттықтау үшін, Шиелі аудан әкімінің орынбасары Тұрмат Жағыппаров мырза арнайы келді. Сонымен қатар ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жиналған жамағатқа құттықттау лебізін білдіріп, әз, пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы сөз етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы