Жексенбі, 25 Қаңтар 2015   |   827 рет оқылды

ҚМДБ-ның Сыр еліндегі өкілдігі әз Мәулітті тойлады

Әз, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) әлемдерге рақым болып дүниеге келген мәуліт айындағы рухани кеш Сыр елінің төрінде паш етілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырған бұл әз Мәуліт Oблыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Алла Тағаланың қасиетті кәләмі Құран Кәрімнің аяттарымен бастау алды. Сахнаға арнайы Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б. Камалов пен Өкіл имам Т. Омаров шақырылып халықты мәуліт кешімен құттықтап, пайғамбар (с.а.с) –ның ізгі амалдары мен сүннеттеріне тоқталып, бүгінгі кештің мән-мағынасын ашып берді.

Залдың үлкен LED экранынан «Сағындым сені иә Расулаллаһ», «(Пайғамбардың) Соңғы намазы» сынды жан тебрентер видеолар мен «Таулардың биіктігі байқалмайды», «Алла елшісін сағындым»,  - атты барша көрермендердің көздеріне жас ұялатқан қойылымның слайдтары жарқырап тұрды.

Түрлі сахналық қойылымдар, кішкентай жастарымыздың қарттарды жылатқан монологтары, белгілі республикалық ақын Ержеңіс Әбді мен танымал эстрада жұлдызы Сержан Әлі сынды майталмандардың терме, әндері шырқалып, діни анашидтер орындалды.

Мәуліт қарсаңында арнайы алдын ала бәйгесі жарияланып «Сағындым сені иә Расулалла» атты мақала сайысы ұйымдастырылған болатын. Аталмыш сайыс жеңімпаздарын осы залда көпшілік алдында марапаттап, 4 ынталандыруға 5 000 теңгеден, үшінші орынға 20 000, екінші орынға 30 000 ал, бірінші орынға 50 000 теңгеден ақшалай сыйлық пен Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар үйлестірілді. 

  Сондай-ақ, асыл дінімізге, мешіттерімізге қол ұштарын аянбай созып келіп, сауап іздеген тұлғаларда арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Артынша облысымызда 2014 жылы атқарылған есептің видеолық көрсетілімі халыққа паш етіліп, алғыс-ілтипаттарына бөлендік. Осындай іс-шараларды атқаруда көзге түскен бір қалалық және бір аудан жыл имамына Алғыс хатпен тегін Умра қажылығы сыйланды. Өзге де істерімен танылған имамдар мен ауылда белсенділігін көрсете білген имамдар да марапатсыз қалмады.

Кеш өте қызықты әрі рухани әсерлі өтті.

Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз мадақтар мен пайғамбарымыз Мұхаммедке Оның сәлемі мен игілігі болсын!

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы