Жұма, 30 Қаңтар 2015   |   592 рет оқылды

Өкіл имам арнайы түзету мектеп интернатында болды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы Мәуліт мерекесінің қарсаңында №7-ші арнайы түзету  мектеп интернатына барып, хал-жағдаларын біліп қайтты. Кішкене балғындарымызға Ислам діні жайлы түсіндіріп, калима үйретті.

Кездесуге сондай-ақ, найб имам Мұхтар Гаджиев пен Нұрлан Әбжанов және басқа да мешіт қызметкерлері қатысты.

Біраз сұхбаттасып, көңілдерін көтеріп, балаларға арнап қайырымдылық шарасын   ұйымдастырып, түрлі ойыншықтар сыйға тартты.

Кездесу барысында мәуліт айының қадір-қасиеттерін сөз етіп, Пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы әңгімелеп берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы