Сейсенбі, 03 Ақпан 2015   |   568 рет оқылды

Өкіл имам қалалық мешіт қызметкерлері мен молдаларын жинады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров қалалық мешіт қызметкерлері мен молдаларының басын қосып бірқатар маңызды мәселелер мен тәртіптер жайлы сөз етті.

Бұл маңызды кездесудің басты тақырыбы «Жаназадағы ысырап» мәселесі болды. Бүгінде қайғылы жағдайға тап болған отбасылардың тіпті ысырапшылдыққа жол беріп, барын шашып жоқ болса қарызға батып жататын әдетке айналды. Жиылған имам молдаларға осы жағын терең сөз етіп, халықпен қызмет етуде әдептіліктерге ерекше мән беру мен киім кию мәселелері сөз болды.

 

Сонадай-ақ, мешіт жанынан үйді-үйге барып, астарда молдалық қызмет ететін молдалардың Құран оқу мәнерлері мен уағыз айта білетін қабілеттерін жетілдіру үшін арнайы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде бүкіл аудан және қалалық мешіт молдаларының қатысуымен семинар өтетінін жеткізді.

Түрлі діни рәсімдерді жетік білуге және халық арасында имамға күрделі сауалдар туындаса байыппен жауап беруге не мешіт имамдарына немесе сайт арқылы сауалдарына жауап ала-алатынын жеткізуге шақырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы