Жұма, 06 Ақпан 2015   |   861 рет оқылды

Өкіл имам Сарыағаш және Шымкент медресе шәкірттерімен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейікәрімұлы кадр мәселелерін шешу жолында арнайы алдын ала оңтүстік медреселерінде оқып жатқан шәкірттермен кездесіп қайтты.

Сарағаш және Шымкент медреселерінде оқып жатқан Сыр өңірінің барлық талабаларымен кездесіп, білімнің артықшылығы мен Абай, Шәкәрімдей медреселерде білім алғандардың жүздері екі дүниеде де жарқын болатыны жайлы сөз етіп, имамдылық қызметінің қаншалықты маңызды екенін айып берді.

   

«Сыр елі өз өңірінің сендер сияқты діни мамандарды асыға күтуде. Ел ағалары жер-жерлерден сәулетті түрлі мешіттер көтеріп, барынша жағдай жасап келеді. Енді сол Алла үйлерін жамағаты мен өздерің сияқты білімді иманды шәкіртімен толтырып көркейту, халыққа біліктіліктеріңмен қызмет ету мына сендердің парыздарың. Сондықтан да қолдан келгенше өздеріңе барлық жағдайларды жасап, қызмет етулеріңе мол мүмкіндіктер қарастырамыз» - деп Сыр елінің үмітін ақтап өңірге келіп қызмет етулеріне 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің

баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы