Сәрсенбі, 18 Ақпан 2015   |   2430 рет оқылды

Форумға қатысты аудан және қала имамдары бас қосты

Тұңғыш өткелі отырған имамдар форумын насихаттау жұмыстары қарқынды жүріп келеді.

Жуырда ғана қала имамдары орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде бас қосып, насихаттау жұмыстарын талқылаған болатын. Енді қала және аудан мешіт имамдарының басын қосып ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы жиналыс өткізді. Жиналыста имамдарға түрлі бағыттарда насихат жұмыстарын жүргізіп, ел арасында оң пікір қалыптастыруға және тұғырнамада көрсетілген имамдық міндеттер мен этикаға аса көңіл бөліп, тазалық пен киім кию үлгілерін басты назарда ұстай жүру керектігін тапсырды.

Халық арасында мұсылманның шынайы келбетін көрсетіп, әдептілік пен мейірімділік, білімділік пен сабырлық сынды қасиеттерді жетік білулеріне түрлі жағдайлармен насихаттар жүргізу керектігі сөз болды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы