Сәрсенбі, 11 Наурыз 2015   |   2887 рет оқылды

Уағыз – насихат тобы сыр өңірі ауылдарында

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы Ырысбай Базарбай бастаған уағыз – насихат тобы облысқа қарасты аудан мен ауылдарда кездесулер ұйымдастырды.

Кездесулер барысында мешіт имамдары Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарының жастары мен тұрғындарына жат ағымдардан сақтану жолдары туралы насихат айтып, Ислам дінінің құндылықтарын бағалауға шақырды.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде былай делінген: Бір күні ол (с.ғ.с.) қасында отырған сахбаларына: «Дін-насихат» деген бір ауыз сөзді үш мәртебе қайтарып айтты. Әр нәрсенің байыбына барып, бойларына түбегейлі сіңіріп алуды әдетке айналдырған саңлақ серіктері сонда: «Уа, Алланың елшісі, дін кімге қатысты насихат?» деп сұрады.

Сонда Алла Тағаланың жер бетіне жіберген ең сүйікті елшісі Мұхаммед Мұстафа (сғ.с.):  «Аллаға, Оның кітабына, елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және барша мұсылмандарға қатысты» деп жауап қайырды. 

Демек, имамдар тұрғындарға дінді насихаттау арқылы оларға рухани азық берумен қатар, тура жолдан таймауды үгіттеп, діннің қадірін сақтауға, дін мен дәстүрдің сабақтастығын жете түсінуге шақыруда мол үлестерін қосуда деуге болады.

Аталмыш бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы